Жылға ауылдық округінің тұрғындары қуанышты күй кешіп жүр. Себебі Жылға елді мекенінде 100 орындық бастауыш мекктептің құрылысы басталып, биылғы оқу жылына дейін тапсырылады деп жоспарлануда. Кішкентай бүлдіршіндермен қоса, олардың ата-аналарын да шат-шадыман еткен білім ұясының құрылысымен біздің тілшілер де танысып қайтты.
Авторлар: Нағима Әбдірахым, Ережеп Тұрғынбайұлы