
Автожолдар сапасын жақсарту мақсатында «AMANAT» партиясының сайлауалды бағдарламасына сәйкес биыл облыс көлемінде 716,2 шақырым жолды жөндеу көзделген. Бұл жоспар кезең-кезеңімен іске асырылуда.

Биыл Кентау қаласында да жол жөндеу жұмыстары қарқынды. Қаланың ішкі жолдарын жөндеу бойынша 2022 жылдың наурыз-сәуір айларында мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасы арқылы орталық көшелерді ретке келтіру жұмыстары жүргізілді. Таңбалау, өткелдерді жаңарту, шұңқырларды жамау жұмыстары 19 көшеде іске асырылып, жалпы 34,6 шақырымды құрады. «Ауыл – ел бесігі» жобасы аясында Қарнақ ауылына қарасты 10 көшені орташа жөндеуге республикалық бюджеттен 87,2 млн.теңге қаржы қаралған. Бүгінгі таңда мердігер мекемемен келісім шарт түзілуде. Субвенция есебінен қаланың 7 көшесіне атап айтқанда Астана ш/а, Жамбыл, Құралбаев, Төлеби, Сығанақ, Пролетарская, Сейфуллин №105, жалпы 3,0 шақырымға орташа жөндеу жұмыстары жүргізілмек. Партияның сайлауалды бағдарламасын Кентау қаласында орындау жөніндегі жол картасына сәйкес биыл 20,9 шақырым жол орташа жөндеуден өткізу жоспарланған.

Отырар ауданында да сайлауалды бағдарламаға сәйкес биыл 20 елді мекеннің ішкі жолдарын жөндеу жоспарға енгізілген. Бүгінде мердігерлер анықталып, 10 елді мекеннің ішкі көшелерін жөндеу жұмыстары аяқталу үстінде. Атап айтқанда Аққұм, Көксарай, Қарғалы, Отырар, Қоғам, Мыңшұқыр, Арыс, Шойманов, Темір, Шәуілдір елді мекендері қамтылуда.

Партияның Түркістан облысы бойынша сайлауалды бағдарламасына сәйкес 2025 жылға дейін жақсы және қанағаттанарлық жағдайдағы жергілікті маңызы бар автомобиль жолдарының үлесін 90 пайызға арттыру бағытында тиісті жұмыстар атқарылуда.
«AMANAT» партиясы Түркістан облыстық филиалының баспасөз қызметі