Референдум өткізілгеннен кейінгі бес іргелі өзгерістер

Соңғы Жолдауда Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев тың саяси реформаларды жариялап, билік институттары арасындағы конституциялық құрылымды жетілдіруге мүдделі екенін танытты. Осы орайда ағымдағы жылдың 5 мамырында «2022 жылғы 5 маусымда республикалық референдум өткізу туралы»Мемлекет басшысының Жарлығы жарияланды. Тың бастаманы «AMANAT» партиясы да қолдап, аз уақыттың ішінде бүкіл өзінің ресурстарын қолданып, референдумның өз деңгейін өтуіне атсалысты. 

Себебі Жаңа редакцияда ұсынылған Еліміздің басты Заңында өзгеріс аз емес, соның бірі – Парламент палаталарының рөлі күшейіп, мәртебесі арттыру, Мәжілісті қалыптастырудың аралас моделін ендіру, Парламенттің бақылау функциялары кеңейету секілді елімізді демокаратияландыратын, азаматтардың мүддесін қорғау механизмдер бар. Сондай-ақ, бір мандатты округтер бойынша Мәжіліс депутаттары сайланады, мәслихат депутаттарының келісімімен баламалы негізде облыс әкімдері тағайындалады. Осы арқылы халық ел басқаруға қатысатын болады. 

Осылайша өзгеріс елде демкоратиялық процестерді жетілдіріп, «биліктің бірден-бір қайнар көзі – халық» деген принцип жүзеге асады. 

Осы жауапкершілікті түсінген «AMANAT» партиясы Түркістан облыстық филиалыТүркістан өңірінің халқымен қызу жұмыстар жүргізді. Референдум өткізу туралы шешімін қолдау мақсатында облыстық, аудандық, қалалық деңгейде партия филиалдары жанынан 18 штаб құрылып, құрамына 500-ге жуық ел арасында абырой бар, белсенді партия мүшелері мен мәслихаттардың депутаттары енгізілді. 

Үгіт жұмыстары барысында облысымызға Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттары Дархан Мыңбай, Құдайберген Ержан, Қайнар Абасов, Сырым Ертаев,сондай-ақ партия жанындағы республикалық штаб мүшелері Дархан Қыдырәлі, КөпенӘмірбекҚуаныш Айтаханов үгіт жұмыстарын жүргізді.

6 мамырдан басталған үгіт жұмыстары барысында 1437 іс-шара өткізіліп, 107 136 адамүгіт жұмыстарына тартылды. 

Сонымен қатар, үгіт жұмыстары барысында сайлаушылардан     1500-ге жуық ұсыныс-тілектер түсті. Оның 457-і саяси, 434-іэкономика, 279-ы әлеуметтік, 137-і білім, 78-іденсаулық, 8-і мәдениет саласына қатысты болса, 83-і әр түрлі саладағы сұрақтар. 

Облыстағы 1 162 994 сайлаушыға дауыс беру күні 914 сайлау учаскесі жұмыс істеп, 1814 адамнан бақылаушыр дауыс беру процессін назарда ұстады. Сайлау учаскелері ашылғаннан бастап бекітілген бақылаушылар өздерінің әлеуметтік желідегі парақшаларына сайлау учаскесіндегі жағдайлар туралы мыңғажуық посттар жариялады.

Осындай ауқымды жұмыстар мен сапалы ұйымдастырулар нәтижесінде 5 маусым күнгі жалпыхалықтық референдумға 935 192 адам(80,66%) қатысып, облысымыз Республика бойынша көш бастады. Сайлаушылардың 739269-ы «ИА» деп қолдаса, 162 536 сайлаушықарсы болды. 

Қорыта айтқанда, 5 маусым күні өткен Референдум ел тарихында алтын әріппен жазылатын күн болды. «Жаңарған әділетті Қазақстанды» құруда азаматтарымыз өз даусын беріп, белсенділік танытты. 

Бейсен Тәжібаев,

«AMANAT» партиясы Түркістан облыстық филиалының Атқарушы хатшысы, Фракция жетекшісі

Достармен бөлісу
Share on facebook
Share on twitter
Share on vk
Share on odnoklassniki
Share on telegram
Share on whatsapp

Танымал жаңалықтар