«Балаларды қорғау күні – әлемнің түкпір-түкпіріндегі балаларға қуаныш сыйлайтын мейрам ғана емес, кішкентай балалардың құқығын қорғап, оларға қамқор болуға үндейтін мереке. Сондықтан бала қуанышын бағына балаған ата-ана үшін де, бар тілегі мен елдік мұратын балалармен байланыстырған мемлекет үшін де бұл мерекенің маңызы мен мағынасы зор. Осыған орай, Келес ауданында 1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күніне арналған «Балауса балғын балалық шағым» атты мерекелік іс-шара өтті.
Авторлар: Хусниддин Хасанұлы, Ерлан Сәрсенбеков