Ашық көңілді, сауықшыл ел-жұрттың, перзенттері де сауықшыл ел болмақ. Ал жас ұрпақты түзеуге түрткі болатын бір себеп — ол мейірімділік. Сондықтан Қазақ елі ежелден өскелең ұрпаққа аса көңіл бөліп, өнегелі тәрбие беруде жұмсақ мінезділік танытқан. Соның дәлелі, биыл балалар жылы деп жарияланса, 1 маусым – Балаларды қорғау күні болып табылады. Осыған орай, ауданымыздың 30-ға жуық жас бүлдіршіндерін Жастар ресурстық орталығының қызметкерлері ойын-сауық алаңына апарып, балаларды мәз-мейрам етіп қайтты.
Авторлар: Асқар Мәденов, Айдос Дәулет