Әрбір мектеп бітіруші түлектің санасында соңғы қоңыраудың сыңғырлаған сазды үні мәңгілік сақталары сөзсіз. Бұл әбден бауыр басқан алтын ұямен қоштасу, жаңа, үлкен өмірге ашылған жол. Құркелес ауылдық округіндегі №39 Төлеген Айбергенов атындағы жалпы орта білім беретін мектебінде де әдемі ұйымдастырылған, әсерлі мерекелік іс-шара болып өтті.
Авторлар: Қуаныш Амангелдіұлы, Ерлан Сәрсенбеков
Фото: ашық ғаламтордан алынды