Референдум – жаңа Қазақстан құрудағы маңызды қадам. 5-маусымда Конституция баптарының үштен бір бөлігін өзгерту бойынша Республикалық референдум өтеді. Бүгінде референдумды қолдау тобы ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын белсенді түрде жүргізуде. Бүгін дәл осы мақсатта саялы өлкеге арнайы келген Түркістан облысы қоғамдық кеңесінің төрағасы Байділдә Жылқышиев №68 Талғат Оспанов мектебінде халықпен кездесті.
Авторлар: Халима Мақсатқызы, Ерлан Сәрсенбеков