1 мамыр – Қазақстан халқы үшін ынтымақтың белгісі, «Бірлік» күні болып есептеледі. Осыған орай, Сарыағаш қаласының мәдениет үйінде ауқымды мерекелік іс-шара болып өтті. Өңіріміздегі өзге ұлт өкілдері аудан тұрғындарын өз мәдениетімен таныстырып, жиылған көрерменге әдемі концерттік бағдарлама ұйымдастырды.
Авторлар: Асқар Мәденов, Асан Қазақбаев