Кеурек өсімдігі туралы бұрын-соңды естіп пе едіңіз? Құмды-шөлді аймақта өсетін бұл шөпке өзге елдің азаматтары неге құмар? Кейбіреулер денсаулыққа аса зор пайдасы бар дейтін бұл өсімдікті шетелдіктердің түп-тамырымен қопарып әкетіп жатқанына ауыл тұрғындары не дейді? Осы секілді сан-сауалдың жауабы алдағы бейнесюжетте.
Авторлар: Нағима Әбдірахым, Ерлан Сәрсенбеков