Жыл басынан бергі үш айда мәдениет пен спорт саласының саңлақтары айтарлықтай жетістіктерге жетіп үлгерді. Кеше ғана жасөспірімдер мен ересектердің спорттық жарыстардан жеңіске жеткені туралы сүйінші хабар таратқан едік. Бүгін, міне, тағы бір талант мемлекеттік тілдің мәртебесін көтеруге бағытталған облыстық байқауда бас жүлдеге ие болды.
Авторлар: Нағима Әбдірахым, Асан Қазақбаев