Бүгінде Сарыағаш ауданының көлемінде 35 кітапхана бар болса, оның дені – елді мекендерде орналасқан. Кітап қоры жеткілікті. Ал ауылдағы ағайынның, әсіресе балалардың кітапқа деген қызығушылығы қай деңгейде? Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев: «Кітапсыз, кітапханасыз адам ойдағыдай дамуы мүмкін емес. Кітапхана – білім мен мәдениеттің ошағы, жаңаша, тың идеялардың мекені. Электронды формат қанша қарқынды дамығанмен дәстүрлі кітапхананың ағартушылық қызметі ешқашан мәнін жоғалтпақ емес» деп кемел ой айтқан болатын. Біз жылға ауылының кітапханасына табан тіреген болатынбыз. Нақтырақ алдағы бейнесюжеттен көрейік.
Автолар: Халима Мақсатқызы, Асан Қазақбаев