Қазақта әдемі қарттыққа жеткен әрбір жан шөбересінің қолынан май жалап, алақанынан су ішуді армандайды. Бұл – барлығына бірдей бұйыра бермейтін бақ деседі жұрт. Ал арна тілшісі 97 жастағы ақтөбелік ақ жаулықты әжейдің ұзақ ғұмыр кешудегі сырымен қатар шөбересінің алақанынан май жалаған тарихи сәтіне куә болып қайтқан болатын. Толығырақ, сюжет көрейік.
Авторлар: Халима Мақсатқызы, Ережеп Тұрғынбайұлы