
Америкалық Энн Крайл Эссельстин турникке үш минут асылып тұрып, рекорд жасады. Осылайша ол Гиннестің рекордтар кітабына енді.
90 жастағы кейуананың бұлай жасауына ұлы себепкер болыпты. Ұлы анасына қарапайым фитнес-челлендж ұсынып, жігерлендірген.
Алғашында кейуана бір минут ғана шыдаған. Кейін тұрақты жаттығып, нәтижесінде рекорд орнатты.
Дереккөз: Ашық ақпарат көздерінен


