9 млрд теңге жинаған қаржы пирамидасының ұйымдастырушылары сотталды

Фото: Ашық ақпарат көздерінен

Ақтауда «Sax Invest» қаржы пирамидасын ұйымдастырған қылмыстық топқа сот үкімі шықты. Олар инвестиция және Африкадағы алмаз өндіру жобасын желеу етіп, 1000-нан астам салымшыдан 9 млрд теңгеден астам қаржы жинаған.

Сот қылмыстық топтың 8 мүшесін 6 жылдан 7 жылға дейін бас бостандығынан айырды. Ұйымдастырушылардың тұрғын үйі, цифрлық активтері және өзге де мүлкі тәркіленді.

Дереккөз: @baq_kz

Достармен бөлісу
Share on facebook
Share on twitter
Share on vk
Share on odnoklassniki
Share on telegram
Share on whatsapp

Танымал жаңалықтар