9 айда ауыл шаруашылығы өнімдерінің жалпы көлемі 4,4%-ға өсті

Фото: ҚР Премьер-министрінің баспасөз қызметі

Ауыл шаруашылығы вице-министрі Азат Сұлтанов Үкімет отырысында Мемлекет басшысының ауыл шаруашылығын дамыту жөніндегі тапсырмаларының орындалу барысы туралы баяндады.

Ол биылғы 9 айда ауыл шаруашылығының жалпы өнімі көлемінің өсуі 4,4%-ды құрағанын, ал жоспар бойынша бұл көрсеткіш 2,3% болғанын атап өтті. Мұндай өсім егін шаруашылығындағы өндіріс көлемінің 5,2%-ға, мал шаруашылығында 3,4%-ға ұлғаюы есебінен болып отыр.

«Биыл аграршыларға мемлекет тарапынан бұрын-соңды болмаған қолдау көрсетіліп, агротехнологиялармен толық көлемде қамтамасыз етуге мүмкіндік жасалды, бұл өз кезегінде өткен жылмен салыстырғанда саладағы өндірістің өсуін қамтамасыз етті», – деп атап өтті Азат Сұлтанов.

Дереккөз: ҚР Премьер-министрінің баспасөз қызметі

Достармен бөлісу
Share on facebook
Share on twitter
Share on vk
Share on odnoklassniki
Share on telegram
Share on whatsapp

Танымал жаңалықтар