Бүгін Келес ауданында қуаты 220/110/10 кВ болатын өңірдегі ең үлкен «Қызыләскер» электр станциясы ашылды. Бұл стратегиялық нысанның іске қосылуы ұзақ жылдарға созылып, биыл жүзеге асып отыр. Маңызды кешен арқылы 800 мың тұрғын сапалы электр қуатымен қамтылмақ. Нысанның салтанатты ашылу рәсіміне Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды қатысып, көпшілікті тарихи сәтпен құттықтады.
Авторлар: Мейірхан Бақытжанұлы, Марат Жолдас