https://www.youtube.com/watch?v=W77D117io-A
«Елімізде еңбекқор адам, кәсіби маман ең сыйлы адам болуға тиіс. Осындай азаматтар мемлекетімізді дамытады. Шын мәнінде, ең бастысы – адал еңбек. Біз мұны жете түсінетін ұрпақ тәрбиелеуге тиіспіз». Бұл – ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың парасатты пайымы. «Ердің атын еңбек шығарады» деген тәмсіл де осы жерде айтылуы керек-ақ. Әр азамат ерен еңбегінің арқасында ғана абыройлы биігінде болары хақ. Келес өңірінен елі үшін қызмет еткен талай дарынды тұлғалар шықты. Солардың бірі –трактор тізгіндеп, әлі күнге ауылы – алтын бесігін өркендетіп жүрген 77 жастағы «тракторшы ата» – Жайлау Өсеров.
Авторлар: Майра Нұрмахан, Марат Жолдас