
Бүгін Құрылтайдың жалпы отырысында депутат Мейраш Шынасилова Премьер-министрдің орынбасары – Жасанды интеллект және цифрлық даму министрі Жаслан Мәдиев пен Ішкі істер министрі Ержан Сәденовтің атына жолдаған сауалында жүргізуші куәлігін алу кезіндегі қиындықтарды атады.
– Азаматтар мен автомектептердің хабарлауынша, Арнайы халыққа қызмет көрсету орталықтарында емтиханды ұзақ күтуге тура келеді, кейде 6 айға дейін созылады. Бос орындар лезде таусылады. Жазылу тетігі ашық емес, яғни қай орынның кімге және қалай берілгені белгісіз. Ашықтық жоқ жерде ақылы делдалдар пайда болмай қоймайды. Мәселені тек қолданыстағы инфрақұрылым есебінен шешу жеткіліксіз. Емтихан қабылдау орындарының санын көбейтіп, мемлекеттік органдардың мүмкіндіктерімен қатар жеке сектордың әлеуетін де пайдалану қажет, – деді Мейраш Шынасилова.
Дереккөз: @qazaqparat_kz


