Сарыағаш қаласында орналасқан “Солнышко” бөбекжай балабақшасының аузынан сүт дәмі кетпеген балдырғандары балабақшамен қоштасты. Әсем безендірілген балабақша ауласында гүлдей жайнаған бүлдіршіндердің кішкентай жүректері алып-ұшып тұрды. Ән айтып, би билеуді, сурет салып, тақпақ жаттауды үйренген балақайлар енді балабақшамен қоштасып, үлкен өмірге – мектепке қадам баспақ. Нақтырақ алдағы бейнесюжетте.
Авторлар: Нағима Әбдірахым, Әукен Қадір