Қазақстан Республикасының чемпионатына іріктеу мақсатында Сарыағаш ауданындағы Балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінде 2009-2010 жылғы жасөспірімдер арасындағы Түркістан облысының чемпионаты болып өтті. Аудан әкімінің орынбасары Алдияр Қозыбаев және спорт саласының өкілдері қатысқан жиында аудандардан келген жас спортшылар 55-90 кг салмақ дәрежесімен өзара сынға түсіп, өздерінің мықтылықтарын анықтауда. Бес күнге жоспарланған спорттық шара жайлы толығырақ алдағы бейнематериалда.
Авторлар: Майра Сәдуақасқызы, Марат Жолдас





