Биылғы жылдың еншісінде Келес ауданында жаппай абаттандыру және көгалдандыру жұмыстары жүріп жатыр. Көгалдандыру мақсатында облыстық табиғи ресурстар және табиғатты пайдалану реттеу басқармасы тарапынан 25 мыңға жуық ағаш көшеттерінің жеткізілуі жоспарланған. Осыған орай, арнайы науқан ұйымдастырылып, аудан әкімі Жәнібек Ағыбаев қатысып, ағаш көшеттері егілді. Толығырақ, арнайы барып келген әріптесім Фариза Мүсілім тарқатады.
Авторлар: Фариза Мүсілім, Айдос Дәулет