400-ге жуық азаматқа жер беріледі

Құрамына 8 елді мекен енетін Жылға ауылдық окургінің соңғы 10 ай көлемінде экономикасы айтарлықтай дамып, ауыл шаруашылығы мен кәсіпкерлік саласы ширай түскен. Айталық, жыл соңына дейін Жылғада 150 бас түйеқұс шаруа қожалығын ашу жоспарланып отыр. Сонымен қоса, округтегі жер учаскесін алу үшін кезекке тұрғандардың мәселесі де оң шешімін табуда. Өңірдегі 400-ге жуық азаматқа тұрғын үй құрылысы үшін жер учаскесін беру жоспарлануда. Сарыағаш ауданы әкімдігінде БАҚ өкілдерімен өткен брифингте ауыл әкімі Ғабит Бижанов окургтің әлеуметтік-экономикалық дамуының осы және өзге де көрсеткіштерін талдап көрсетті.

Авторлар: Майра Нұрмахан, халима Мақсатқызы, Ережеп Тұрғынбайұлы

Достармен бөлісу
Share on facebook
Share on twitter
Share on vk
Share on odnoklassniki
Share on telegram
Share on whatsapp

Танымал жаңалықтар