4 жылдан кейінгі алтын: Әділет Алмат – Азия чемпионы

Фото: Туризм және спорт министрлігі

Дзюдодан Қытайдың Ордос қаласында Азия чемпионатының екінші күні мәресіне жетті, деп хабарлайды ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.

81 келідегі Әділет Алмат финалда Париж Олимпиадасының қола жүлдегері Сомон Махмадбековпен белдесті. Нәтижесінде отандасымыз қарсыласына юко және вазари әдісін жасап, жеңіске жетті.

Айта кетейік, бұған дейін 2022 жылы Данияр Шамшаев Астанада өткен сары құрлықтың додасында топ жарған еді.

Әділет Алматтың бұл Азия чемпионатындағы бірінші жүлдесі. Ол 2023 жылы жастар арасында Азия чемпионы атағына да қол жеткізген болатын.

Жарыстағы жолы:

1/8 финал. Шыңғысхан Сағыналиев Қырғызстан

1/4 финал. Абылайхан Жұбаназар Қазақстан

1/2 финал. Бехрузи Хожазода Тәжікстан

Дереккөз: Туризм және спорт министрлігі

Достармен бөлісу
Share on facebook
Share on twitter
Share on vk
Share on odnoklassniki
Share on telegram
Share on whatsapp