Сарыағаш ауданының келбетін айшықтайтын жаңа кіреберіс төлқұжат салтанатты түрде ашылып, ел игілігіне берілді. Қазығұрт ауданымен шектесетін аумақта бой көтерген сәулеттік нысан ауданның бет-бейнесін танытып, өңірге келген қонақтарды қарсы алатын ерекше орынға айналды. Заманауи үлгіде салынған кешен Сарыағаштың ажарын ашып, ауданның даму қарқынын айқын көрсетеді.
Авторлар: Мейірхан Бақытжанұлы, Ережеп Тұрғынбайұлы





