Күні кеше сағат түнгі он бір жарымдар шамасында «Азамат Нұр-Ұлан» ЖШС яғни көпшілік «Көк базар» деп атайтын аумақтан өрт шықты. Салдарынан, химиялық тауарлар сататын 3 дүңгіршек түгел жанып кетті. Абырой болғанда адам шығыны орын алған жоқ. Дегенмен мамандар оқиға орнында тексеру жұмыстарын жүргізіп, тілсіз жаудың қалай және неден шыққанын анықтап жатыр.
Авторлар: Нағима Әбдірахым, Аман Асылбек