25 қыркүйек – Жалпыұлттық аза тұту күні

Фото: ЖИ көмегімен жасалды

Премьер-Министрдiң орынбасары, комиссия төрағасы Қанат Бозымбаевтың мәлiмдемесi:

“Бүгiн елiмiз ауыр қайғыға ұшырады. Маңғыстау облысындағы қайғылы оқиғаның салдарынан 12 әскери қызметшi қаза тауып, үшеуi құтқарылды. Әлi табылмаған екi әскери қызметшiнi iздестiру жұмыстары жүргiзiлiп жатыр.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев қаза тапқан сарбаздар мен офицерлердiң отбасыларына, туған-туыстары мен жақындарына көңiл айтты. Президент және бүкiл Қазақстан халқы сiздердiң орны толмас қайғыларыңызға ортақ.

Оқиғаның барлық мән-жайын анықтау үшiн Президенттiң тапсырмасы бойынша Үкiмет менiң жетекшiлiгiммен арнайы комиссия құрды. Осы жағдайға байланысты құзырлы органдар қылмыстық iстер қозғады.

Тергеу барынша мұқият, жан-жақты әрi қысқа мерзiмде жүргiзiледi. Қайғылы оқиғаға себеп болған әрбiр лауазымды тұлға заң алдында ең қатаң түрде жауап бередi.

Мемлекет қаза тапқандардың отбасыларын жалғыз қалдырмайды. Қаза тапқан әрбiр әскери қызметшiнiң отбасына қомақты материалдық көмек берiлiп, сондай-ақ барлық қажеттi қолдау көрсетiледi.

Тергеу барысы мен отбасыларға көмек көрсету жұмысын жеке бақылауымда ұстаймын”.

Достармен бөлісу
Share on facebook
Share on twitter
Share on vk
Share on odnoklassniki
Share on telegram
Share on whatsapp

Танымал жаңалықтар