
Тәліптер билікке қайта келгеніне бес жыл болғанын дүркіретіп тойлады. Осы уақыт ішінде елдегі миллиондаған қыздың білім алу мүмкіндігі шектелді. Оған қоса әйелдерге қоғамдық орындарда жүруге, оқуға, спортпен айналысуға және көптеген салаларда жұмыс істеуге қатаң тыйым салынды.
UNESCO мәліметінше, қазір 2,5 млн ауған қызы орта білім ала алмай отыр. Елде қыздар мен әйелдерге орта және жоғары білім алуға ресми түрде тыйым салып тастады.
Дереккөз: t.me/stankznews


