
Сонымен қатар рақымшылық туралы заңда онша ауыр емес және орташа ауырлықтағы қылмыстар үшін қылмыстық жауапкершілікке тартылған адамдардың осы заң күшіне енгенге дейін жасаған қылмыстары бойынша қылмыстық істерді, оның ішінде соттарда қаралмаған істерді тоқтату ұсынылады. Осылайша, 2136 қылмыстық іс бойынша іс жүргізу тоқтатылады.
Айта кету керек, рақымшылық жасау қылмысқа қарсы күресті күшейту аясында қылмыстық құқық бұзушылықтардың криминалдандырылған жаңа құрамдарына, мемлекеттік құпияларды заңсыз жария етуге байланысты қылмыстарға, сондай-ақ сыбайлас жемқорлық қылмыстар жасаған адамдар үшін шектелетін болады.
Рақымшылық аса қауіпті қылмыс жасаған адамдарға қолданылмайды.
Дереккөз: t.me/mazhilis_kz