21 миллион теңге айыппұл салынған

Play Video

Сарыағаш ауданы көлемінде былтырғы жылы коронавирустық инфекциямен 108, пневмония ауруымен 119 науқас тіркелген. Ал, 2021 жыл басталғалы 12 күн ішінде қанша адамнан сovid-19 анықталды? Бүкіл әлемді жайлаған пандемияны артта қалды деуге бола ма? Тілшіміз айтып береді.

2020 жылы коронавирустық инфекцияның алдын алу мақсатында көптеген жұмыстар қолға алынды. Карантиндік режим орнап, санитарлық талаптар күшейді. Ал, оның ережелерін бұзған 436 тұлғаға 21 322 990 теңге көлемінде айыппұл салынған. Олардың ішінде 29 адамнан айыппұлды мәжбүрлеп өндіруге сотқа жолдаған. Жаңа жыл кіріп келгеннен кейін де пандемияны артта қалды деуге болмайды. Соңғы қабылданған қаулыға сәйкес карантин ережелері жеңілдегенімен босаңсуға болмайды. Себебі 2021 жыл басталғаннан бері сovid-19 инфекциясын жұқтырған 11 адам тіркелген.

Әбілқасым Анарбаев, Сарыағаш аудандық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының басшысы

Мобильді топ және АПБ қызметкерлері тарапынан жүргізілген рейдтік іс-шаралар барысында 45 отбасылық-ұжымдық шараларды өткізіп жатқан жағдайлар анықталған. Ал, мектептерге тоқталар болсақ, 300 орындық білім беру ошақтарында сабақ беруге болады. Қазіргі таңда, санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы тарапынан ауданымыздағы барлық 77 мектепке мониторинг жұмыстарын жүргізіп, талапқа сай болған жағдайда штаттық режимде оқуға рұқсат берілуде екен.

Әбілқасым Анарбаев, Сарыағаш аудандық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының басшысы

Тағы да айтып өту керек, 1-қаңтардан бері жүргізілген рейдтік іс-шаралар барысында карантин ережелерін бұзған 23 жеке тұлға анықталған. Олардың айыппұлы 1 миллион теңгеден астам ақшаны құраған.

Авторлар: Хусниддин Хасанұлы, Ерлан Сәрсенбеков

Достармен бөлісу
Share on facebook
Share on twitter
Share on vk
Share on odnoklassniki
Share on telegram
Share on whatsapp

Танымал жаңалықтар