2027 жылдан шетелдіктер Қазақстанға арнайы рұқсатсыз келе алмайды

Фото: Ашық ақпарат көздерінен

Алдағы қараша айынан бастап Қазақстанға кірудің жаңа талаптары қолданыла бастайды. Оның аясында енді шетел азаматтарынан елге келмес бұрын электрондық рұқсат алу талап етіледі. Ал, 2027 жылғы 1 шілдеден бастап мұндай рұқсаттың болмауы мемлекеттік шекарадан өтуге тыйым салуға негіз болуы мүмкін, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Жаңа жылдың ортасына дейін жаңа жүйе кезең-кезеңімен енгізіледі, өтпелі кезеңде электрондық рұқсат алу ұсынымдық сипатта болады. Жаңа талаптар Қазақстанның одақтастары саналатын Ресей, Беларусь, Армения және Орталық Азия елдерінің азаматтарына да қатысты.

Өзгерістерге ҚР Үкіметінің 2026 жылғы 10 қазандағы №890 қаулысы негіз болды. Бұл құжатпен «Көшіп келушілердің Қазақстан Республикасына келуінің және онда болуының, сондай-ақ олардың Қазақстан Республикасынан кетуінің қағидаларына» өзгерістер енгізілді. Қаулы 2026 жылғы 24 қазанда күшіне енді.

Дереккөз: t.me/atamekenbusiness_qaz

Достармен бөлісу
Share on facebook
Share on twitter
Share on vk
Share on odnoklassniki
Share on telegram
Share on whatsapp

Танымал жаңалықтар