2026 ЖЫЛЫ НЕ ӨЗГЕРЕДІ?

1 қаңтардан бастап елімізде қандай өзгерістер болмақ? Қысқаша баяндап өтейін. Жаңа салық кодексі күшіне енеді. Қосылған құн салығы 12пайыздан 16 пайызға дейін көтеріледі. Бұл базардағы және қызмет көрсету саласындағы бағаның өсуіне әсер етуі мүмкін.

Айлық есептік көрсеткіш бұрын 3932 тг болса, енді 4325тг болады. Тиісінше, айыппұлдар да қымбаттайды. Ең төменгі жалақы 85000тг деңгейінде қалады. Ал ең төменгі зейнетақы 69049тг ні құрайды. Қуанышты жаңалық – жәррдемақылар өседі. Бала тууға байланысты бір реттік төлем – 1,2 немесе 3 балаға -164350тг, 4 және одан көп балаға 272475тг болмақ. Сонымен қатар, 2026ж көпбалалы аналардың да жәрдемақысы өседі.

Ең маңызды өзгерістердің бірі – мобильді аударымдардың тексерілуі. Егер 3 ай қатарынан сіздің есептошытыңызға әр айда 100 және одан көп адамнан ақша түссе, сондай-ақ, жалпы сомма 1млн 20мың тг ден асса, бұл – кәсіпкерліктен түскен табыс ретінде қарастырылады. Мысалы, қаңтар айында 100адамнан, ақпан айында 100 адамнан, наурыз айында 100 адамнан ақша аударылса, жалпы сомма 1млн 20мың тгден асса сіздің мәліметтеріңіз банктер арқылы мемлекеттік кірістер органдарына жіберіледі.

Достармен бөлісу
Share on facebook
Share on twitter
Share on vk
Share on odnoklassniki
Share on telegram
Share on whatsapp

Танымал жаңалықтар