2021 жылғы жоспар…

Дарбаза ауылдық округі әкімі Ерлан Әлімбаев есеп беру кездесуін Тасқұдық елді мекенінде жалғастырды. Карантин талаптарын ескере отырып онлайн форматта халықпен жүздесті. Онда қандай күрделі мәселелер талқыланғаны жайлы тілшіміз айтып берсін.

Алдымен әкім  халықты былтырғы жылы атқарылған жұмыстар жайымен таныстырды. Мәселе болған инфрақұрылым жүйесінің жайлы жеке-жеке тоқталып өтті. «Таскескен ауылында  орналасқан АГРС-тен тарқатылатын газ 25 елді мекенді қамтуы жоспарланған. Оладың қатарында Тасқұдық та бар»,-дейді ауылдық округ әкімі.

Ерлан Әлімбаев Дарбаза а/о әкімі

2021 жылы жеке кәсіпкерлерге қолдау көрсетіп, ауыл шаруашылығын қарқынды түрде дамыту жоспарлануда. Сонымен қатар, кездесу барысында ауыл тұрғындары көкейінде жүрген сұрақтарына жауап алды.

Көкұлы Шерімбетов, Дарбаза а/о тұрғыны

Сонымен  қатар, тозығы жеткен электр бағаналары мен сымдарының ауыстырылу қажеттілігі жайлы сөз қозғалды. Халықтың ұсыныс пікірлерін тыңдаған әкім «алдағы уақытта аталмыш мәселені шешімін табуға тырысамыз»,-деді.

Авторлар: Еркежан Құрбанәліқызы, Хусниддин Хасанұлы, Айдос Дәулет

Достармен бөлісу
Share on facebook
Share on twitter
Share on vk
Share on odnoklassniki
Share on telegram
Share on whatsapp

Танымал жаңалықтар