Барлық өңірлерде жыл бойы еткен ерен еңбектері үшін әрбір сала қызметкерлері марапатталуда. 2020 жылы атқарған жұмыстары бағаланып, үздік деп танылған Сарыағаш ауданының майталмандарын өңір басшысы Мұхит Отаршиев марапаттады. Сарыағаш аудандық мәдениет үйінде өткен іс-шара барысын әріптесім айтып береді.
Елдің жыл санап дамып, қарыштап өсуіне әрбір саладағы мамандардың үлесі орасан. Яғни, қандай да бір маманның тынымсыз еңбегінің арқасында тәуелсіз еліміз өркендеп отыр. Әр саладағы білікті қызметкерлердің 2020 жылы жасаған ерен еңбектерін бағалау мақсатында аудандық мәдениет үйінде іс-шара ұйымдастырылды. Аудан басшысы арнайы қатысып, ағымдағы жылдың үздіктерін марапаттады. Медицина, білім, спорт, әлеуметтік және т.б. салалардың майталмандары жиналған шарада 2020 жылдың «Үздік жұмыс берушісі» номинациясымен Сарыағаш медресе колледжі мараппатталды. Сондай-ақ, еріктілер жылында белсенділік танытқандар мен ең жас спортшылар да назардан тыс қалмады.
Дінмұхаммед Сманов, «Жылдың үздік жұмыс берушісі»
Әбдуәлі Әбдіхалық, «Жылдың үздік еріктісі»
«2020 жылдың үздік журналисі» номинациясы ағымдағы жылы «Сәт» телеарнасында 6 жылдан бері қызмет атқарып, ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуына өзіндік үлесін қосып жүрген әріптесіміз – Қуаныш Құлмырзаевқа бұйырды. Халық пен билік арасындағы алтын көпір иегерлерінің еңбегі әрқашанда назардан тыс қалмақ емес.
Қуаныш Құлмырзаев, «Жылдың үздік журналисі»
Рахматулла Қаржаубаев, «Жыл үздігі»
Биылғы жыл әлем үшін оңай болған жоқ. Себебі тәж тажалымен күрес барлық адамзат баласын қажығаны белгілі. Алайда, ешқандай қиындыққа мойымай, алға қарай ұмтылған бүгінгі күннің үздіктері тек осындай қарқынмен еліміздің дамуына үлестерін қоса бермек.
Авторлар: Әлия Мұхаммедшәмиқызы, Рахманбек Құралов
Материалдарды толық және ішінара көшіріп алуға тыйым салынған. Сайт материалдарын пайдаланған жағдайда, ресурсқа сілтеме беріңіз.