Келес ауданында аз қамтылған, жалғыз ілікті отбасыларға көмек көрсетілді. Аталған қайырымдылықта ұн, май, күріш және т.б. тұрмысқа қажетті азық-түліктер таратылды. Сондай-ақ, бұған дейінгі түрлі шаңырақтарға демеу көрсетілген шараларда төбе көрсетпеген кәсіпкер сұхбат берді.
Келес ауданында «Мейірімді жүрек» жобасы аясындағы қайырымдылық іс-шаралары өз жалғасын табуда. Өңірлік жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен арнайы демеуші табылып, жалпы 200 мың теңгеге жуық қаражат жұмсалыпты. Бір апта алдын өткен дәл осындай азық-түлік тарату жұмыстарында өз атының аталмауын қалаған кәсіпкер, бүгінгі қайырымдылыққа келді.
Ерлан Ахметов, кәсіпкер
Аз қамтылған отбасыларға көмек көрсету барысында жанұя мүшелері өз ризашылықтарын жеткізді. Жастардың жұмысына табыс тілеп, бақ береке тіледі.
«Мейірімді жүрек» жобасы аясында өткізілген қамқорлық шарасы Абай және Біртілек ауылдарындағы тұрмыс жағдайы төмен отбасыларға азық-түлік таратумен жалғасты. Ал, Келес аудандық жастар ресурстық орталығы қызметкерлерінің айтуынша, жалғыз ілікті, аз қамтылған жанұяларға көмек қолын созу мұнымен тоқтап қалмайды екен.
Авторлар: Мейірхан Бақытжанұлы, Дінислам Тәліпбай
Материалдарды толық және ішінара көшіріп алуға тыйым салынған. Сайт материалдарын пайдаланған жағдайда, ресурсқа сілтеме беріңіз.