Шымкент қаласында өткен жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиаданың облыстық кезеңі аяқталды. 14 жалпы білім беретін пән бойынша өткізілген олимпиадаға Сарыағаш ауданындағы №4 мамандандырылған «Дарын» мектеп-интернатынан 32 оқушы қатысып, бақ сынады. Олимпиада қорытындысы бойынша білім ұясының 21 шәкірті жүлделі орынды иеленіп, 2 оқушы жеңіс тұғырынан көрінді. Енді дарынның дарабоздары республикалық олимпиадада бақ сынайды.
Авторлар: Майра Нұрмахан, Аман Асылбек