Үй ауласындағы әжетханаға түсіп кеткен 3 жасар ұл бала мен 10 жасар қызды учаскелік полиция инспекторлары ажалдан арашалап қалған. Оқиға Қабланбек ауылдық округінде орын алды. Сарыағаш АПБ-нің 102 нөміріне оқыс жағдай туралы хабарлама түсе салысымен тәртіп сақшылары оқиға орнына аттанады. Сөйтіп инспекторлар құтқарушыларды күтпей, өздері әрекетке көшеді. Жедел іс-қимыл жасау нәтижесінде бір отбасының 2 перзенті ата-анасымен аман-есен қайта қауышты.
Авторлар: Нағима Әбдірахым, Сағындық Ислам