
Қаржылық мониторинг агенттігі «С.С. Койновқа қатысты қылмыстық істі тергеуді аяқтады» деп хабарлайды.
Мәліметте, «Тергеу материалдарына сәйкес, «Актив Ломбард» желісі арқылы заңсыз микрокредит беру жүйесі жолға қойылған. Тәуліктік сыйақы мөлшерлемесі 1,73–2,07% аралығында болып, бұл заңда белгіленген шектен 5 есеге дейін жоғары болған.
Аталған әрекеттердің салдарынан:
1,9 миллионнан астам келісімшарт рәсімделген;
заңсыз жолмен алынған табыс көлемі 19 млрд теңгеден асқан;
қаражатты заңдастыру үшін көпсатылы схема пайдаланылған.
Сот санкциясы негізінде жалпы құны 8,9 млрд теңгені құрайтын мүлікке тыйым салынды. Оның ішінде Астана қаласы мен БАӘ аумағындағы жылжымайтын мүлік, қымбат автокөліктер және 2,7 млрд теңге көлеміндегі депозит бар.
С.С. Койнов қамауға алынып, төрт сыбайласына қатысты тиісті бұлтартпау шаралары қабылданды», деп хабарланды.
Дереккөз: Ашық ақпарат көздерінен


