18 ақпаннан бастап Байқоңыр ғарыш айлағының 70 жылдығына орай шығарылған коллекциялық монеталар сатылымға түсті

Фото: Ашық ақпарат көздерінен

Оларды Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінің интернет-дүкені арқылы сатып алуға болады. Құны – 89 мың теңге (шамамен 180 АҚШ доллары).

Монета танталдан жасалған, таралымы – 500 дана. Алдыңғы бетінде ғарыш кемесінің иллюминаторы арқылы көрінетін Жер шары бейнеленген. Сыртқы сақинасында ғарышты игеру тарихына қатысты символдар мен маңызды даталар орналастырылған. Солардың қатарында 1961 жылы Юрий Гагарин ұшқан «Восток-1» ғарыш кемесінің бейнесі бар.

2026 жылдың 12 сәуірінде адамзаттың ғарышқа алғаш рет ұшқанына 65 жыл толады. Ал ғарыш айлағының 70 жылдығы 2025 жылы аталып өтті.

Бүгін сондай-ақ 2026 жылғы Олимпиада ойындарына арналған күміс монеталар да сатылымға шығарылды. Онда конькишілер бейнеленген.

Дереккөз: Ашық ақпарат көздерінен

Достармен бөлісу
Share on facebook
Share on twitter
Share on vk
Share on odnoklassniki
Share on telegram
Share on whatsapp