
15 жастағы қазақстандық футболшы Кәрім Меңдіханов атақты “Барселона” командасымен келісімшартқа отырды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Кәрім Меңдіханов енді келесі маусымнан бастап “Барселона” сапында доп тебеді.
Қазақстандық жас талантқа “Барселонадан” өзге де бірнеше клуб қызығушылық танытқан еді.
Айта кетейік, Кәрім Меңдіханов 2022 жылы Испанияға қоныс аударған.
Ол бұған дейін каталондық “Серданьола” және “Сант-Кугат” клубтарында ойнаған.
Жас талант оң қапталда ойнайтын шабуылшы. Ол өзінің жоғары жылдамдығымен, дриблинг шеберлігімен және сенімді ойынымен ерекшеленеді.
Осылайша ол ел тарихындағы “Барселона” сапында ойнайтын алғашқы қазақстандық футболшы атанып отыр.
Дереккөз: Stan.kz


