Бүгінгі таңда Келес ауданында 16 мәдениет ошағы тұрақты жұмыс істеп тұр. Атап айтар болсақ, ауылдық жерлерде 5 мәдениет үйі, 10 клуб және орталықта тағы бір аудандық мәдениет үйі бар. Осы мекемелерде шығармашылықпен және шаруашылықпен 148 азамат айналысады. Ал тек өнерге қатысты кадрлардың саны – 75 адам. 2022 жылдан бастап, аталған қызметкерлердің барлығының жалақысы көтерілетін болады. Бұл – биылғы Жолдауда айтылды. Авторлар: Нағима Әбдірахым, Айдос Дәулет