
Риддерде мотоцикл мінген 13 жастағы қыз тартылған арқанға соғылып, қаза тапты. Қайғылы оқиға 23 тамызда болған. Полиция мәліметінше, қыз бағанаға байланған аттың арқанын байқамай, мотоциклмен келіп соғылған. Ол оқиға орнында көз жұмған.
Тағы бір жолаушы қыз ауруханаға жеткізілген. Қылмыстық іс қозғалды.
Желіде куәгерлер ол жерде арқан емес, металл трос тартылғанын жазған. Олардың айтуынша, трос мотоцикл жүргізушілері бұл жермен өтпес үшін әдейі мойын тұсынан тартылған. Қала тұрғындары ол жерде ат болмағанын да айтқан.
Дереккөз: t.me/stankznews


