Өскелең ұрпақтың дұрыс тәрбие алып, қоғамдағы құқықтарын пайдалана біліп, қатыгездіксіз өмірлерінің сақталуы жолында аянбай еңбек ету – қоғамның басты парызы. Осыған байланысты, Келес аудандық Прокуратурасының ұйымдастыруымен аудандағы бірқатар мектепте оқушылармен кездесу өтті. №1 Омар Есимов мектебінде басталған жиынға құқық қорғау саласының қызметкерлері, білім, ішкі саясат бөлімдерінің мамандары мен имамдар қатысып, залға жиылған қауымға түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
Авторлар: Халима Мақсатқызы, Ережеп Тұрғынбайұлы