10 қаңтар – ҚР Ұлттық ұланы күні

Фото: Ашық ақпарат көздерінен

Бүгін Қазақстан Республикасының Ұлттық ұланының қызметкерлері мен әскери қызметшілері өздерінің кәсіби мерекесін атап өтеді. 2015 жылы осы күні «Ұлттық ұлан туралы» Заңға қол қойылды.

Ұлттық ұлан – күн сайын заңның сақталуын, қоғамдық тәртіп пен азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ететін адамдар. Олардың батылдығы, ерлігі және қызметтегі жауапкершілігі шынайы құрметке лайық. Қызметтері қауіп-қатермен байланысты болса да, олар еліміздің тұрақтылығы мен қауіпсіздігі жолында өз міндеттерін абыроймен атқарып келеді.

Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының барлық қызметкерлері мен әскери қызметшілерін кәсіби мерекелерімен құттықтаймыз! Зор денсаулық, амандық, отбасыларыңызға бақ-береке, қызметтеріңізге табыс тілейміз!

Дереккөз: Ашық ақпарат көздерінен

Достармен бөлісу
Share on facebook
Share on twitter
Share on vk
Share on odnoklassniki
Share on telegram
Share on whatsapp

Танымал жаңалықтар