Отбасы – бала тәрбиесінің ең алғашқы алтын ұясы саналады. Десек те, бүлдіршіндердің білімді де тәрбиелі болып өсуіне оның жүрген ортасының тигізетін әсері орасан. Әсіресе, мектепте берілетін ілімнің орны биік. Білімнің басы – бастауыштан, оның ішінде әліппеден басталатыны сөзсіз. Бүгін қаламыздағы Ер-Ай-Би жекеменшік мектебінің 1-сынып оқушылары да сүйікті оқулықтарымен қоштасып, алған білімдерін пысықтады.
Авторлар: Нағима Әбдірахым, Аман Асылбек