
Мұны Энергетика вице-министрі Қайырхан Тұтқышбаев айтты.
Оның сөзінше, соңғы айларда газ өндіру азайғанымен, баға өскен жоқ. Ал газ өндіру көлемінің азаюына Теңіз кен орнындағы техникалық ақау себеп болған. Десе де бұл халықты газбен қамтуға әсер еткен жоқ дейді. Себебі ұлттық оператор QazaqGaz тұтынуды транзиттік газ есебінен қамтамасыз еткен.
Министрлік мәліметінше, газ бағасының өсуіне алдағы жылыту маусымына дайындалу және ескірген газ желілерін жаңарту себеп.
Дереккөз: t.me/stankznews


