Келес ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасының мамандары ескертеді! Егер 1-сәуірге дейін атыңызға рәсімделген автокөліктің салығын төлемейтін болсаңыз, онда күн сайын салық соммасына қосымша өсімпұл жүреді. Бұл – 2022 жылдың көлік салығын төлемегендерге арналған ақпарат. Ал бірнеше жылдан бері жиналып қалған берешегі бар азаматтардың ісімен сот орындаушылар айналысатын болады. Сондықтан қалтаңыз қайта-қайта қағылмасын десеңіз, салықты уақытылы төлеңіз!
Авторлар: Нағима Әбдірахым, Ерлан Сәрсенбеков