Ошақты ауылдық округінде 23 отбасы қайтарымсыз грант алып, жаппай құс өсіру кәсібімен айналысуда. Келес аудандық Мансап орталығы арқылы жүзеге асырылып жатқан пилоттық жобаға жалпы 40 жанұя қатысады деп жоспарланған. Ондағы мақсат – еңбекке епті, кәсіпке мығым азаматтарға қолдау көрсету арқылы өңірдегі құс шаруашылығын дамыту, шағын бизнесті өркендету.
Авторлар: Нағима Әбдірахым, Халима Мақсатқызы, Ережеп Тұрғынбайұлы