Сарыағаш ауданында рухани жаңғыруға үндейтін тағылымды іс-шара өтті. Түркістан облыстық «Фараб» әмбебап ғылыми кітапханасының бастамасымен ұйымдастырылған «Өнегелі өмір – өшпес мұра» атты аудандық байқау қазақтың біртуар перзенті, мемлекет және қоғам қайраткері Өзбекәлі Жәнібековтың 95 жылдық мерейтойына арналды. Тағылымы терең іс-шара ұлт руханиятына өлшеусіз үлес қосқан тұлғаның өнегелі жолын ұлықтауға бағытталды.
Авторлар: Қуаныш Аманегелді, Айдос Дәулет





