Бүкіл аудан көз тіккен Сарыағаш ауесқой футбол лигасы өз мәресіне жетті. 5 ай бойы жасыл алаңда жасындай жарқырап, жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар танылған аяқдоп шеберлерінен құралған командалар бүгін марапатталды. Аудандық мәдениет үйінде болып өткен марапаттау рәсімінде алғаш болып сөз алған Сарыағаш аудандық мәслихатының хатшысы Смайл Тасқұлов барша командаларды мерейлі жеңісімен құттықтап, өңірімізде футболдың дамуына сүбелі үлес қосқан жандарға да өз алғысын білдіріп өтті.
Авторлар: Халима Мақсатқызы, Аман Асылбек