Сарыағаш және Келес аудандарының алғашқы әскери дайындық пәні мұғалімдері арнайы ұйымдастырылған оқыту шарасында бас қосты. Бұл жиынның басты мақсаты — мұғалімдердің кәсіби шеберлігін арттырып, білім беру процесінде әскери-патриоттық тәрбие сапасын көтеру болды. Шараға Сарыағаш ауданы бойынша Шекара қызметінің мамандары да белсенді қатысып, өз тәжірибелерімен бөлісті.
Авторлар: Мейірхан Бақытжанұлы, Ережеп Тұрғынбайұлы